10 тамызда Литва парламентінің ғимараты жанында басталған тәртіпсіздіктер барысында 20-дан астам адам ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz елдің ІІМ-дегі полиция департаментіне сілтеме жасап.
Осы жайттан кейін тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру фактісі бойынша тергеудің басталғаны туралы хабарланды. Бас комиссар Ренатас Пожеланың айтуынша, ұйымдастырушылар ауыр жазаға кесілуі мүмкін.
Тәртіп сақшалары Сейм жанына жиналғандарды 11 тамызда 02.00-де таратқан. Полиция дерегі бойынша, наразылық шарасына 5 мыңға жуық адам қатысты. Қақтығыстар кезінде 10 шақты полиция қызметкері зардап шекті.Наразылықтардың басталуына үкіметтің 13 қыркүйектен бастап вакцина ектірмеген тұрғындарға қоғамдық көлікті пайдалануға, белгілі бір медициналық мекемелер мен дүкендерге баруға, байланыс қызметтеріне жүгінуге тыйым салу туралы жоспары себеп болды.
Табиғат Нұрболат