Ливан билігі Каддафидің ұлын қамаудан босатты

373

Ол 10 жыл абақтыда отырды.

Ливан билігі Каддафидің ұлын қамаудан босатты Фото: pravo.ru

Ливан билігі Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің ұлын қамаудан босатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ганнибал Каддафи он жыл бойы түрмеде отырды. Ливан билігі оған елге кіруге тыйым салу шешімін алып тастап, 11 миллион доллар көлеміндегі кепіл сомасын жойды. Libya Review басылымының жазуынша, Каддафидің ұлын босату туралы шешім Ливанға Ливияның жоғары лауазымды тұлғаларынан құралған делегация барғаннан кейін қабылданған.

50 жастағы Ганнибал Каддафи – Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің үшінші ұлы. Ол 2015 жылдан бері Ливанда қамауда болған. Каддафиді Сирияда "Амал" қозғалысының содырлары ұрлап, кейін оны Ливан билігіне тапсырған. 2017 жылы оған Ливияда жоғалып кеткен имам Муса Садр туралы ақпаратты жасырды деген айып тағылды.

Муаммар Каддафи Ливияны 42 жыл бойы басқарды. Ол 2011 жылғы 20 қазанда көтерілісшілер қолынан қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу