Ливан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Израильге шағым түсірмек

623

Бейрутта Израильдің әрекеттері Ливанның егемендігін бұзу деп бағаланды.

Ливан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Израильге шағым түсірмек Фото: google

Ливан Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) елдің оңтүстік аймақтарына жасаған соққыларына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шағым түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ливан СІМ мәлімдемесінде айтылған, деп жазады inbusiness.kz.

Мәлімдемеде Сыртқы істер министрі Абдулла Бухабибтің тапсырмасы бойынша Ливанның БҰҰ жанындағы өкілдігі "Израильдің елдің оңтүстік аймақтарына қасақана соққылары туралы ҚК-ға ресми шағым түсіруге" ниетті екендігі айтылған.

Сондай-ақ, СІМ Израильдің шабуылдары Ливанның егемендігін және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1701 жылғы қарарын айқын бұзу деп мәлімдеді.

2006 жылдың тамызында қабылданған 1701 қарар Ливан мен Израиль шекарасындағы барлық әскер  қимылдарды тоқтатуды қарастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу