Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту мен сауда-экономикалық әлеуетті арттыру қажеттігін атап өтті.
Елші Қазақстаннан Ливанның экономикасына ірі кәсіпорындар үшін инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Сондай-ақ, Қазақстан үкіметі мен Ливан үкіметі арасындағы инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы келісімнің жобасы туралы мәселе қозғалды. Елші банк секторындағы заңнамалық базаның және Қазақстандағы шетелдік банктерді, олардың филиалдарының жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды көтерді.
Вице-министр жекешелендірудің қазіргі бағдарламасы мен елдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар үшін жасалған жағдайлар туралы айтып берді. Тимур Тоқтабаев сондай-ақ, "Kazakh Invest" ҰК инвесторларға қолдау көрсететінін және жақында ашылған АХҚО да қосымша қолдау көрсететуге дайын екенін атап өтті.
Тараптар Қытайдың, Ресейдің және басқа да мемлекеттердің жақын нарықтарына өнімдерді жеткізуге Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу соңында тараптар сауда, экономика және инвестиция салалары бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.