4 тамызда Ливаннан Израильге қарай үш зымыран атылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ливан әскерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған жауап ретінде
Израиль артиллериясы Ливан аумағына оқ жаудырды. Зымырандардың екеуі Израиль аумағында құлап, біреуі шекарадан өте алмай қалған. Шабуылдан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет пен қорғаныс министрі Бени Ганц Кнессетте қауіпсіздік мәселелері бойынша талқылаулар жүргізіп жатыр. Израильдің дерегі бойынша, шабуылды Ливанда орналасқан Палестина топтары ұйымдастырған.
Бұған дейін Израильге 20 шілдеде Ливаннан зымыран ұшырылған еді. Зымырандардың бірін қорғаныс жүйесі қағып түсіріп, екіншісі халық тұрмайтын жерде жарылған болатын. Бұдан кейін Израиль артиллериясы Ливан аумағындағы нысанаға оқ атты.
Табиғат Нұрболат
Фото: epa.eu