"Ливаннан кете тұрған жөн": Елшілік қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

1179

Халықаралық рейстер арқылы Ливаннан кете тұру мәсесін қарастыру ұсынылды.

"Ливаннан кете тұрған жөн": Елшілік қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады Фото: Mohammad Zaatari/AP/picture alliance

Қазақстанның Ливандағы елшілігі шетелде жүрген қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ливандағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты осы елдегі Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз ұстануға тағы да шақырамыз. Атап айтқанда, жергілікті билік орындарының нұсқауларын мүлтіксіз орындап, ел ішіндегі жүріс-тұрысты мейлінше азайтқан жөн. Сонымен қатар  Оңтүстік пен Бекаа жазығындағы азаматтарға ахуал оңалғанша салыстырмалы түрде қауіпсіз саналатын елдің орталық және солтүстік өңірлеріне уақытша көшу және халықаралық рейстер барында Ливаннан кете тұру мәселелерін қарастыруға кеңес беріледі", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу