Ливан мен Израиль тарихи келісімге келді

713

Ливан мен Израиль арасындағы теңіз шекараларын делимитациялауға қатысты дау аяқталуға жақын. 

Ливан мен Израиль тарихи келісімге келді

Екі елдің көшбасшылары АҚШ-тың делдалдығымен келісімге келді. Яғни екі мемлекетке де Шығыс Жерорта теңізіндегі газ кен орындарын игеруге мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz EADayli-ге сілтеме жасап.

Келісімге келесі апта қол қойылады деп күтілуде. Екі ел де көптеген жылдар бойы нәтижесіз келіссөздерден кейін келісім жасасуға ынталы.

Екі ел арасындағы келіспеушілік жалпы ауданы 860 шаршы шақырым болатын мұнай мен газға бай теңіз аймағына қатысты туындаған. Оған Израильдің ерекше экономикалық аймағының 2%-ы және Ливанның 3%-ы кіреді. Тараптар көптеген жылдар бойы даулы аймақтағы шекараларды белгілеу туралы нәтижесіз келіссөздер жүргізіп келді.

Ливан мен Израиль арасындағы соғыс толығымен аяқталмағаны әрі ресми түрде дипломатиялық байланыстың жоқтығы жағдайды қиындата түсті. Алайда, тараптардың ақыры ортақ тіл табуына кедергі болмады. Тек 2020 жылдан бастап БҰҰ қолдауымен және Америка Құрама Штаттарының делдалдығымен жүзеге асырылған даулы аумақтар мәселесі бойынша жанама келіссөздердің кемінде бес сессиясы өткізілді.

Соңғы келіссөздерде тағы да Вашингтон медиатор болды. Бұл жолы АҚШ Мемлекеттік энергетикалық қауіпсіздік департаментінің аға кеңесшісі Амос Хохштейн келіссөз жүргізуші болып тағайындалды. Келісімнің жаңа жобасы көпшілікке жария етілмегенімен, ливандықтар мен израильдіктер оны оң бағалады. Израильдің Haaretz газетінің хабарлауынша, жоба Бейруттың тілектерін сай, Ливанға даулы теңіз аймағының көп бөлігін беруді көздейді. Бірақ Израиль өзінің Кариштегі газ мұнарасын алады. Ливан сонымен қатар бірден екі жаққа тиесілі Кана аймағында өзінің бұрғылау қондырғысын орната алады. Алайда Израильге француздық Total Energies компаниясы Каннан өндіретін газдан түсетін кірістің бір бөлігін беріп отыруы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу