Ливандағы Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) шабуылынан тағы да 51 адам қаза тапты. Бұл туралы Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің Төтенше операциялар орталығы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Кешегі шабуылдан 51 адам қаза тауып, 174 адам жараланды", – делінген Х әлеуметтік желісіндегі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер Набатияда, Оңтүстік Ливанда, таулы Ливанда, Бекаа алқабы мен Балбек Хирмилде тіркелген.
Сонымен қатар, ведомствоның мәліметінше, қақтығыс кезінде жалпы Израиль рейдтерінен қаза тапқандар саны 2 306-ға жетті, зардап шеккендердің саны – 10 698 адам.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу