Ливанда Израиль қорғаныс күштерінің (ЦАХАЛ) соққылары нәтижесінде қаза тапқандар саны 2141 адамға жетті, Бұл туралы Al Jazeera телеарнасы елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
8 қазанда ғана Ливанда 22 адам қаза тауып, 80 адам жараланды, деп қосты Денсаулық сақтау министрлігі. Көбіне Оңтүстік Ливан, Набатия, Бекаа мен Баалбек-Хермель аудандары тұрғындары соққыға жығылды.
Газа секторында соғыс басталғалы бері Таяу Шығыстағы жағдай ушығып кетті. ЦАХАЛ өзінің әскери операциясын Палестиналық ХАМАС 2023 жылы 7 қазанда Израильдің оңтүстігіне соққы жасаған сәттен бастады. 1200-ге жуық адам қаза тауып, тағы 250-дей адам тұтқынға алынды.
Бір жыл ішінде бір-ақ рет уақытша атысты тоқтату туралы келісім жарияланды, оның барысында кепілге алынғандар мен палестиналық тұтқындар алмастырылды.
Израиль 23 қыркүйекте Ливанның Хезболла тобының инфрақұрылымын жою үшін Ливанның оңтүстігінде "Солтүстік жебелері" операциясын жариялағаннан кейін жаңа бітімге қатысты жағдай күрделене түсті.