Ливанда қазақстандық бітімгер марапатталды

739

Биылғы тамыз айын қорытындылау кезінде Үнді бітімгерлік батальонының командирі Ливан Республикасындағы қазақстандық бітімгерлердің қызметіне оң баға берді.  

Ливанда қазақстандық бітімгер марапатталды

Ливанда БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына қатысып жатқан қазақстандық әскери қызметші аға сержант Вячеслав Моор марапатталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Осылайша, жауынгерлік және бітімгерлік даярлық бойынша үздік көрсеткіштері, жоғары әскери тәртібі үшін "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінің аға сержанты Вячеслав Моорға бағалы сыйлық табыс етілген.

"4-ші жиынтық бітімгерлік ротасы биылғы 1 тамызда Үнді бітімгерлік батальоны құрамындағы миссияны орындауға кірісті. Оған Қазақстанның түрлі әскери бөлімдерінен үздік 120 офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер кірді", - деді министрліктен.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық бітімгерлердің Ливанда жүргеніне бір жарым жыл болды. Осы уақыт ішінде олар өздерін тек жақсы жағынан көрсете білді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу