Ливанда пейджерлер жарылысынан қаза тапқандар саны 32-ге дейін өсті

193

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Фирас Абьяд мәлімдеді.

Ливанда пейджерлер жарылысынан қаза тапқандар саны 32-ге дейін өсті Фото: Reuters

Ливандағы сымсыз байланыс құрылғыларының жарылыстарынан зардап шеккендердің саны арттты, барлығы 32 адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін хабарланғандай, пейджерлер, рациялар, смартфондар мен литий-ионды және күн батареялары бар басқа құрылғылар жарылғаннан кейін 20 адам қайтыс болды.

Абьяд қаза тапқандар туралы айтты, бірақ жараланғандардың саны туралы нақты мәліметтер келтірмеді. Оның айтуынша, жарылыстардан кейін мыңдаған зардап шеккендер ауруханаларда жатыр.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израиль Ливандағы жарылыстарға жауапты. Елдің барлау қызметі "Хезболла" қозғалысының мүшелері қолданатын құрылғыларға бомбалар орнатуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу