Ливан Парламентінде 12-ші дауыс беру қорытындысы бойынша президенттікке кандидаттардың ешқайсысы жеткілікті дауыс жинаған жоқ, деп жазады inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Отырысқа бұрынғы Президент Мишель Аунның орнына жаңа басшыны сайлау үшін барлық 128 Парламент депутаттары қатысты. Олардың қызмет мерзімі 2022 жылдың 31 қазанында аяқталды.
Мемлекет басшысының кандидаттары арасында Бұрынғы Қаржы министрі Джихад Азурға 59 дауыс, "Марада" қозғалысының жетекшісі Сүлейман Францийеге 51 дауыс, Зияд Барудқа 7 дауыс, Джозеф Аунға 1 дауыс берілді. Тағы 10 дауыс жарамсыз деп танылды.
Осылайша, бірде-бір кандидат президент болып сайлану үшін қажетті 2/3 дауысқа ие болған жоқ.
Парламент спикері Небих Берри Парламенттің кезекті 13-ші отырысы қашан өтетіні туралы ақпаратқа түсініктеме берген жоқ.
Президентті сайлауға арналған алғашқы отырыс 2022 жылдың 29 қыркүйегінде өтті.