Ливанда салымшылар банк ғимараттарын қиратып жатыр

457

Ресми ақпарат бойынша, халықтың төрттен үш бөлігі кедейлікке ұшырады.

Ливанда салымшылар банк ғимараттарын қиратып жатыр Фото: АР

Ливанда салымшылар ақшаларын талап етіп, банктерге шабуыл жасады. Шиналарды өртеп, ғимараттардың терезелерін сындырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Ел астанасы Бейруттегі бұл наразылықты "Салымшылар тобы" ұйымдастырып отыр. Олардың айтуынша, былтырдан бері ақшаларын ала алмай жүр.

Ливан банктері қолма-қол ақша тапшылығына байланысты, миллиондаған салымшының шотына шектеулер енгізген. Ливан фунты да күн санап, құнсызданып барады, АҚШ долларына шаққандағы құны 90 пайызға арзандаған. Әл-ауқаты тозған халық әбден ашуға булыққан.

Дүниежүзілік банк Ливан үшін бұл - соңғы бір ғасырдағы ең терең экономикалық дағдарыс, дейді. Ресми ақпарат бойынша, халықтың төрттен үш бөлігі кедейлікке ұшырады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу