Ливанда жаңа үкімет құрылады

580

Министрлер кабинеті екі күнде жұмысқа кірісуі мүмкін. 

Ливанда жаңа үкімет құрылады

Ливан президенті Мишель Аун мен жаңа премьер-министрі Хасан Диаб жаңа үкімет құрмақ. Бұл туралы Euronews басылымы хабарлады. Егер де мемлекет басшысы министрлерді бекітсе, олар екі күн ішінде жұмыстарына кірісуі мүмкін. 

Айта кетейік, қазір ел астанасы Бейрут қаласындағы жағдай тұрақсыз. 18 қаңтарда бас көтерушілер мен полицейлер арасында қақтығыс болған. Ереуілшілер мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап еткен. Тәртіп сақшылары оларды тарату үшін көзді жасауратқыш газ емес суатқыштар қолданған. Қақтығыс салдарынан 30-ға жуық кісі жарақат алыпты. Барлығы да ауруханаға жеткізілген. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу