Ливан аумағынан танкке қарсы зымыран соққысы жасалып, салдарынан Израиль армиясының төрт әскери қызметкері жеңіл жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл туралы Израиль армиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Израильмен көршілес елдердің ішінде Ливан бүгін алғаш израильдік шекараға соққы жасап, танкті істен шығарды. Шабуыл кезінде төрт сарбаз жеңіл жарақат алды. Қазір израильдік ЦАХАЛ жер үсті операциясын жүргізіп жатыр.
Израиль армиясы зымырандық оқ атылған аумаққа қарсы артиллериялық шабуыл жасады.
Израиль аумағын атқылағаны үшін жауапкершілікті Ливандағы Хезболла қозғалысы өз мойнына алды.
"Хезболла" мәлімдемесінде Әл-Рахиб ауданындағы "Меркава" танкінің істен шығарылғаны айтылған. Хезболла танкте болған Израиль әскери күштері қаза тауып, жарақат алды деп мәлімдеді.