Ливандағы қазақстандық бітімгершілер спорт сайысында 1-орын алды

1004

Ливандағы қазақстандық бітімгершілер спорт сайысында 1-орын алды

Тир қаласының маңында жергілікті билік өкілдері Ливан тәуелсіздігінің 75 жылдығына арналған жеңіл атлетикалық жүгіру ұйымдастырды. 10 шақырымдық жүгіруге жалпы саны 500 адамды құрайтын UNIFIL бітімгершілік миссиясындағы 42 ел өкілі қатысты, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық бітімгершілерден марафонға взвод командирі майор Данияр Мақсұт пен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер Бағдат Ерәлиев пен Нұрлан Тұрғамбаев қатысты. Қазақстанның командасы қашықтықта үздік нәтиже көрсетіп, бірінші жалпы командалық орынды еншіледі. Үндістанның бітімгершілері екінші орынды, Непалдың әскерилері үшінші орынды иеленді.

"Сайысқа қатысуға шақыртуды алып, біз әскери қызметшілер арасында іріктеу жүргізіп, үш кандидатураны ұсындық. Олар кәсіби спортшылар емес, бірақ, ұдайы түрде жауынгерлік даярлық пен спорттан жақсы нәтижелер көрсетеді. Қазақстанның командасы елімізді лайықты түрде көрсетіп, бірінші орынға ие болғанын мақтан етемін", - деді қазақстандық бітімгершілік ротасының командирі майор Аян Нұрқасов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу