Ливандағы пейджерлердің жарылысы ТМД елдеріне тікелей қауіп төніп тұрғанын көрсетеді

249

Ливан мен Сирияда пейджер мен рациялардың қашықтан жарылуы ТМД елдеріндегі қауіпсіздікке қатер төніп тұрғанын көрсетеді.  

Ливандағы пейджерлердің жарылысы ТМД елдеріне тікелей қауіп төніп тұрғанын көрсетеді Фото: Security lab

Бұл туралы Астанада өтіп жатқан ТМД қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшылары кеңесінің отырысында Ресей ФҚҚ директоры Александр Бортников мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Ливан мен Сириядағы пейджерлер мен рациялар жарылысы көрсеткендей, жау барлау қызметтерінің ақпараттық ресурстардың осал жерін тауып, ешкімге білдіртпей жарылғыш құрылғыларды орнату  тек маңызды ақпараттық инфрақұрылымды бұзу үшін ғана емес,сонымен қатар кез келген электроника арқылы мемлекеттік билік өкілдеріне қастандық ұйымдастыру үшін де пайдаланылуы мүмкін. Сондықтан ТМД елдеріне тікелей қауіп төніп тұр деуге болады", – деді ол.

17 қыркүйекте Ливанда мыңнан астам пейджер жарылып, 12 адам қаза тапты, 2 мың 700-ден астам адам жарақат алды. "Хезболла" болған оқиға үшін жауапкершілікті Израильге жүктеді және "қанды кек алуға" уәде берді.

Ал 18 қыркүйек күні елдің оңтүстігінде және Бейрутте рация жарылыстары тіркелді, нәтижесінде 14 адам қаза тапты, кем дегенде 450 адам жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу