Ливандағы содырлар елдің оңтүстігінен Израиль күштерінің бақылауындағы Шебаа фермасы маңына бірнеше зымыран ұшырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті al Hadath телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, ел аумағына оннан астам реактивті снаряд атылған. Олардың басым бөлігін әскерилер қағып түсірген, қалғандары халық қоныстанбаған жерге құлаған. Осы орайда Израиль Қарулы Күштері Ливанмен арадағы шекарада әскери дайындығын күшейтіп, Ливанға қарсы шабуыл жасаған.
Бұған дейін Израильдің солтүстігіндегі, яғни Ливанмен арадағы шекара маңындағы елдімекендерде сиреналар естілген еді. Бұл ақпаратты Израиль Қарулы күштерінің баспасөз қызметі мәлім етті.
4 тамызда Ливаннан Израильге қарай үш зымыран атылды. Бұған жауап ретінде Израиль артиллериясы Ливан аумағына оқ жаудырды.
20 шілдеде Израильге Ливаннан зымыран ұшырылған еді. Зымырандардың бірін қорғаныс жүйесі қағып түсіріп, екіншісі халық тұрмайтын жерде жарылған болатын. Израиль артиллериясы Ливан аумағындағы нысанаға оқ атты.
Табиғат Нұрболат