Ливандағы үшінші бітімшерлік рота елге оралды

941

Үнді бітімгершілік батальоны құрамындағы қазақстандық әскерилер өздерін жауапты мамандар ретінде көрсете білді.

Ливандағы үшінші бітімшерлік рота елге оралды

Бүгін Ливан Республикасындағы сегіз айлық қызметтен кейін үшінші бітімгерлік рота елге оралды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бітімгершілік миссияға жіберілген әскери қызметшілерді десанттық- шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы, әскери бөлім командирлері мен қазақстандық бітімгерлік полкінің жеке құрамы қарсы алды.

"Алдыңғы топтар секілді еліміздің үшінші бітімгершілік құрамына да сегіз ай уақыт аралығында Ливандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Олардың миссиясын орындау кезеңінде қабылдаушы елде әскери-саяси, экономикалық жағдайы күрделі болды, әлемде "COVID-19" коронавирустық инфекциясының тез таралуы байқалды, бірақ біздің әскери қызметшілер қойылған тапсырманы орындады", – дейді министрліктен.

Айта кетсек, жақында Ливанға елімізден тағы бір әскери қызметшілер легі аттанды. Олар алдыңғы яғни үшінші топты алмастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу