Ливанға бітімгершілердің келесі легі аттанады

1012

Сарбаздар Ливан еліне сәуір айының соңында аттанып, ол жақта борышын өтеп жатқан әріптестерін алмастырады. 

Ливанға бітімгершілердің келесі легі аттанады

Қазақстан әскерилері Ливанға тағы да бітімгершілік мақсатта аттанбақ. Қазір сарбаздар "Іле" полигонында жаттығып жатыр деп хабарлайды Almaty.tv.

Біріккен Ұлттар ұйымының миссиялық тапсырмасын орындау үшін бұған дейінде 120 сарбаз Ливандағы соғыс ошағына кеткен еді. Еліміздің қорғаныс министрі енді екінші бітімгершілік ротаның дайындық барысымен танысты.

Сарбаздар Ливан еліне сәуір айының соңында аттанып, ол жақта борышын өтеп жатқан әріптестерін алмастырады. Десантшылардың іс-сапары 6 айға жалғасады. Жалпы, еліміздің Қарулы күштері әскери қызметшілердің санын әлі де көбейте түспек.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу