"Ливерпуль" клубының жеңісін тойлау кезінде адамдарды көлік қақты

114

Ұлыбританияда көлік жаяу жүргіншілерді қағып кетті.  

"Ливерпуль" клубының жеңісін тойлау кезінде адамдарды көлік қақты Фото: bbc.com

Премьер-лигада чемпион атанған "Ливерпуль" клубының құрметіне ұйымдастырылған шеруден кейін, Ford маркалы автокөлік 47 адамды қағып кетті, олардың 27-сі ауруханаға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Қалғандарына оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген. Оқыс жағдай "Ливерпуль" футбол клубының жеңісін тойлау кезінде болған. Жанкүйерлер тарқай бастағанда "Форд" автомобилі бір топ адамды қағып өтеді. Полиция 53 жастағы британиялық азаматты сол жерде ұстады. 

Құзырлы органдар оның мұндай әрекетке неліктен барғанын анықтап жатыр.

BBC мәліметінше, оқиға лаңкестік әрекет ретінде қарастырылып жатқан жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу