Ливияның Afriqiyah Airways әуе компаниясының тұтқынға алынған ұшағы Мальтаға келіп қонды. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасап Lenta.ru хабарлайды.
Әуе кемесінің бортында 118 адам бар.
Алтын ала мәлімет бойынша, екі жолаушы ұшақты жарып жіберетіндігін айтқан. Олардың не талап етіп отырғаны айтылмайды.
Мальтаның премьер-министрі Жозеф Мускат ұшақ бортындағы тұтқындарды басып алу мүмкін екендігінен хабардар. Бұл туралы үкімет басшысы өзінің Твиттердегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, жедел әрекет қызметтері толықтай дайындыққа келтірілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу