Ливия Бас штаб басшысының қазасына байланысты 3 күн аза тұтады

250

Барлық ресми және салтанатты іс-шаралар тоқтатылады.

Ливия Бас штаб басшысының қазасына байланысты 3 күн аза тұтады Фото: yandex.kz

Ливияда Анкарадағы әуе апаты салдарынан елдің Бас штабының бастығы Мұхаммед әл-Хаддад пен делегация мүшелерінің қаза табуына байланысты үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Ливия ұлттық бірлік үкіметінің жазбаша мәлімдемесіне сәйкес, билік әл-Хаддадтың отбасы мен басқа қаза тапқан азаматтардың жақындарына, сондай-ақ Ливия Қарулы күштеріндегі қаруластарына көңіл айтты. Хабарламада қайғылы жағдайға байланысты ел аумағында үш күндік аза тұту жарияланғаны жазылған.

"Үш күн ішінде барлық мемлекеттік мекемелерде тулар төмен түсіріледі, сондай-ақ барлық ресми және салтанатты іс-шаралар тоқтатылады. Бұл шешім Анкарада ресми міндеттерін атқарып жүрген кезінде апаттан қаза тапқан Ливия армиясы Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Мұхаммед әл-Хаддад пен оның серіктестерінің өліміне байланысты қабылданды", – делінген мәлімдемеде.

Ливияның премьер-министрі Абдулхамид Дибейбенің Қорғаныс министрлігіне оқиғаның мән-жайын анықтады тапсырды. Түркия тарапымен жұмысты тікелей үйлестіру мақсатында Анкараға ресми делегация жіберу көзделіп отыр.

Ливияда 24-25 желтоқсан күндері Тәуелсіздік күні атап өтілуі тиіс болған.

Айта кету керек, бұған дейін Ливия Бас штабының генералы Түркиядағы ұшақ апатынан қаза тапқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу