Анкарадан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай бортында Ливия армиясы Бас штабының бастығы Мохаммед Али-Ахмед аль-Хаддад болған жеке ұшақ радардан жоғалып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап.
Түркияның NTV телеарнасының мәліметінше, Falcon маркалы ұшақ Анкарадан шамамен 70 шақырым оңтүстікте, Хаймана қаласы маңында радардан көрінбей, байланыс үзілген.
Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21.00 шамасында ұшақпен байланыс жоғалғанын растады. Оның айтуынша, әуе кемесінде аль-Хаддад пен тағы төрт адам болған, олар Анкарадан Триполиге бағыт алған.