Ливия премьер-министрінің көлігіне оқ атылды

1193

Жергілікті БАҚ бұл оқиға туралы ешқандай ақпарат жарияламады.

Ливия премьер-министрінің көлігіне оқ атылды

Ливия Премьер-Министрі Абдель Хамид Дбейбаның көлігіне ел астанасы Триполи қаласында оқ атылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап. 

Жергілікті билік әзірге бұған қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Ливия БАҚ-тары да бұл оқиға туралы ешқандай ақпарат жарияламады.

Ескере кететін жайт, қазір Ливияда заң шығарушы және атқарушы органдар арасындағы шиеленіс өршіп тұр. Өкілдер палатасы (парламент) жаңа үкімет басшысын сайлауды талап етуде.

Олардың айтуынша, Дбейбаның өкілеттігі 24 желтоқсанда, яғни президенттік және парламенттік сайлау өтуі тиіс кезде аяқталған.

Алайда Дбейба билікті жалпы сайлау өткізілгеннен кейін ғана жаңа премьерге тапсыратынын мәлімдеді. Ол спикер Акила Салех елді жікке бөлуде деп айыптады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу