Ливия ұшағын басып алған лаңкестер жалған қару пайдаланған

895

Ливия ұшағын басып алған лаңкестер жалған қару пайдаланған

Ливияның Afriqiyah Airways компаниясына тиесілі ұшақты басып алған қарақшылардың қолында қару болмаған. Олар жымысқы ойларын іске асыру үшін жалған қару пайдаланған. Бұл туралы Мальта премьер-министрі мәлімдеді, деп хабарлайды 24Хабар.

Еске сала кетейік, 23 желтоқсанда екі қарулы адам Ливияның Сабха қаласынан Триполиге бет түзеген ұшақты басып алып, бағытын Мальтаға өзгерткен еді. Лаңкестер қойған талаптары орындалмаса, әуе көлігін жарып жіберетінін айтып, сес көрсеткен. Олар 2011 жылы тақтан құлатылған Муаммар Каддафидің ұлы Саиф аль-Исламды және Ливия түрмелеріндегі адамдарды еркіндікке жіберіп, Бенгази қаласындағы содырлардың шығуына мүмкіндік беруді талап еткен. Дегенмен кейін ұшақтағы барлық тұтқынды босатып, өздері Мальта билігіне берілген. Айта кетейік, ұшақ бортында 111 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу