Ливия жағалауында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырап, 30-дан аса адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.
Марқұмдардың дені – балалар мен әйелдер. 80 жолаушы құтқарылып, ел астанасы Триполиге жеткізілген. Дәрігерлердің хабарлауынша, көбісінің жағдайы ауыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, су көлігіне жолаушы шамадан тыс көп мінсе керек. Қайғылы жағдайға осы себеп болуы мүмкін. Арнайы операция барысында мамандар таяуда тағы бір қайықты байқап қалып, ондағы 120 босқынды құтқарған еді.
Айта кеткен жөн, африкалық мигранттардың дені Еуропаға осы Ливия арқылы аттанады. Өйткені елде саяси дағдарыстың кесірінен орталық билік жоқ. Босқындар кәрі құрлыққа жету үшін тәуекел етіп, заңсыз жолмен теңізге шығады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу