Ливияда екі мұнай кен орны жұмысын тоқтатты

1198

Ливияда екі мұнай кен орны жұмысын тоқтатты

Ливияда шабуылдың салдарынан  екі мұнай кен орны жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды "The Qazaq Times".

Мұндай жағдай Эль-Филь мен Хамада кен орнында болған. Себебі шабуылшылар аталған мұнай кен орнын басқа кен орындарымен байланыстырып жатқан  құбырларды бұғаттап тастаған. Бұдан бұрын осындай себеппен Ливиядағы ең ірі Шарара мұнай кен орны жұмысын тоқтатқан болатын.

Айта кетейік, Ливия Африкадағы ең көп мұнай қоры бар ел, қор көлемі шамамен 48 млрд баррельді құрайды. Сондай-ақ, ел ОПЕК пен оған мүше елдердің "мұнай көлемін қысқарту туралы" келісімінің міндеттерінен босатылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу