Ливия жағалауында босқындар мінген кеме апатқа ұшырап, 97 африкалық ұшты-күйлі жоғалып кетті. Олардың арасында әйелдер мен балалар бар.
Оқыс оқиға кезінде кемеде 100-ден астам адам болған. Құтқарушылар олардың 23-ін аман алып қалды. Қазір өңірде іздестіру операциясы жүріп жатыр. Алайда мамандар жоғалғандардың тірі қалуы екіталай деп отыр.
Айта кетейік, саяси дағдарыс салдарынан Ливияда қазір орталық билік жоқ. Осыны пайдаланған африкалық мигранттар көп жағдайда Еуропаға дәл осы мемлекет арқылы аттанып жатады. Биылдың өзінде Кәрі құрлыққа жетуді көздеген 590 босқын Ливия жағалауында опат болған немесе хабар-ошарсыз кеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу