Ливияда су тасқынынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты

677

Ал 7 мыңдай адам із-түссіз жоғалып кеткен. 

Ливияда су тасқынынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты Фото: trt.haber

Ливияның шығысында орын алған алапат су тасқынынан 2 мыңнан астам адам көз жұмып, 7 мыңдай адам жоғалып кетті. Ливия премьер-министрі Дибейбе халықаралық ұйымдардан көмек сұрады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты trt.haber-ге сілтеме жасап.

"Даниел" циклоны Грекиядан соң Ливияға жетті. 10-қыркүйекте Ливияның солтүстік-шығысында циклон соғып, нәтижесінде Жерорта теңізі жағалауында орналасқан қалаларға дауыл, найзағаймен бірге  жаңбыр әкелді. Елдің Әл-Байда, Суса, Әл-Мардж және Дерна қалаларын су басқан. Төтенше жағдай жарияланған аймақтарда коменданттық сағат енгізілді. Оқу орындары мен жұмыс орындары уақытша тоқтатылды.

Толассыз жауған жаңбыр инфрақұрылымға үлкен зиян келтірді. Көптеген тұрғын үйлерді, ауруханаларды және басқа да нысандарды су басты. Ал қаза тапқандар саны екі мыңға жуықтады.  Қазір жоғалып кеткен жеті мыңдай адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Ливия премьер-министрі Дибейбе халықаралық ұйымдарды су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетуге шақырды.  

Елде 3 күндік аза тұту жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу