Ливиядағы су тасқыны құрбандарының саны 11 мыңға жетті

700

20 мың адам іс-түссіз жоғалған.

Ливиядағы су тасқыны құрбандарының саны 11 мыңға жетті Фото: Times News

Al-Hadath хабарлауынша, ошағы Дерна қаласында орналасқан Ливиядағы су тасқыны салдарынан, 11 мың адам қайтыс болды, тағы 20 мың адам хабар-ошарсыз кетті, деп жазады Inbusiness.kz.

Ливиядағы Халықаралық Қызыл крест Комитеті азаматтар мен құтқарушыларды сақ болуға шақырды. 

"Дерна соғыстың жарылғыш қалдықтарымен ластанған қала екені белгілі", - делінген хабарламада (Дернада 2011 жылы басталған азаматтық соғыс кезінде шайқастар өткен). 

Су тасқыны жарылмаған оқ-дәрілер мен миналардың қалдықтарын бұрынғы орындардан бүкіл қала бойынша таратып жіберген, деп ескертті ұйым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу