Ливияға қару-жарақты заңсыз тасымалдауға қатысты елімізде тексеру басталды

1064

Бұл жайында арнамызға берген эксклюзивті сұхбатында Авиациялық әкімішілігінің директоры Питер Гриффитс мәлімдеді.  

 Ливияға қару-жарақты заңсыз тасымалдауға қатысты  елімізде тексеру басталды

Елімізде Ливияға қару-жарақты заңсыз тасымалдауға қатысты тексеру басталды, деп хабарлайды Atameken Business.

Біріккен Ұлттар ұйымымен бірлесіп атқарылып жатқан тергеу халықаралық деңгейдегі шулы мәселеге қатысты. Еске салсам, бұған Біріккен Ұлттар ұйымының құпия баяндамасы жарияланған. Онда ішкі қақтығыстардан көз ашпай жатқан Ливияға бірнеше елде тіркелген әуе компаниялары арқылы қару-жарақ тасымалданғаны айтылған. Қатарында Біріккен Араб әмірліктері, Виргин аралдарымен қатар Қазақстанның да аты аталған. Істе төрт компания бар. Олар – Эзи эйр, Юпитер Джет, Дженис эйр және Сигма. Питер Гриффитстің айтуынша Біріккен ұлттар ұйымының Қазақстанға таққан айыбының жауапкершілігі мол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу