Ливияның әскери академиясына шабуыл жасалды

1080

 30 адам қайтыс болды.

Ливияның әскери академиясына шабуыл жасалды

Ливиядағы әскери академияға әуе шабуылы жасалып, салдарынан 30 адам қайтыс болды. Жараланғандар саны – 33, деп хабарлайды Atameken Business.

Триполидегі үкімет шабуылды Ливияның ұлтттық әскері жасады деп отыр.

Ел астанасындағы қарулы қақтығыс өткен жылдың сәуір айынан бері толастаған емес. Бұрынғы бас қолбасшы, генерал Халифа Хафтар басқаратын әскер мен билікке қарасты қарулы күштер ымыраға келе алар емес. Тұрақтылықты қамтамасыз етуге Түркия кірісті. Ердоған Ливияға әскер жібермек.

Естеріңізге сала кетейік, Муаммар Каддафи өлімінен кейін Ливия бірегей мемлекет болудан қалды. Елдің бір бөлігін Парламент, екінші жартысын халықаралық ұйымдар қолдау көрсететін үкімет бақылауға алған. Шығыстағы халық Триполидегі билікті мойындамайды. Олардың өз ұлттық  әскері бар. Оның жетекшісі лаңкестерді жоямын деген желеумен астанаға жиі шабуыл жасап тұрады.

"Қатарға жаңадан қосылған студенттер түскі астан кейін жаттығу алаңында жүрген. Оларға Әмірліктің дрондары арқылы шабуыл жасалды. Барлығы 28 студент сол жерде жан тапсырды. Қалғаны ауыр жарақаттан кейін қайтыс болды. Зардап шеккендердің жалпы саны 70-ке жуық",– дейді әскери колледж полковнигі Саид әл-Малти.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу