Лизингті қаржыландыру ережесінен бәсекелестікке қарсы нормалар алынып тасталады

862

Нұсқама 30 қарашаға дейін орындалуға тиіс.

Лизингті қаржыландыру ережесінен бәсекелестікке қарсы нормалар алынып тасталады

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ға қолданыстағы бағдарламалардан және отандық автоөндірушілерді лизингтік қаржыландыру ережелерінен бәсекелестікке қарсы нормаларды алып тастау туралы нұсқама енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Агенттік "ҚазАвтоӨндіріс" "Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы" ЗТБ өтінішін қарау нәтижесінде осындай шешімді қабылдаған.

Бүгінде отандық автоөндірушілерді қаржыландыру мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) бекіткен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдинг қаржылық-экономикалық негіздеме бағдарламасы бойынша "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (бұрын "ҚДБ-лизинг" АҚ) кредиттеу жүргізуде. Осы бағдарламада айқындалған қаржыландыру тетігіне сәйкес Қазақстандық автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) әрбір автоөндірушіге лизингтік қаржыландыру кезіндегі лимиттер сомасын айқындаған.

Осыған ұқсас нормалар "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның отандық автомобильдер өндірісін қолдау бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасында жазылған. Бұл ретте ҚАБҚ – құрамына авто өндіру нарығында жұмыс істейтін  кәсіпорындардың барлығы кірмейтін коммерциялық емес ұйым. Сондай-ақ бұл елдегі автокөлік өндірушілер мен жинаушылардың жалғыз бірлестігі емес. 

"Осылайша, ИИДМ және ҚАБҚ Өнеркәсіпті дамыту қоры тарапынан қауымдастық мүшелері болып саналатын автоөндірушілердің мүдделеріне басымдық беру құқығы берілген, бұл олар үшін артықшылық беретін жағдай, әрі жалпы бәсекелестермен салыстырғанда қолайсыз / дискриминациялық қызмет жағдайын қалыптастырады. 

"Сондықтан биыл қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы бойынша монополияға қарсы департамент жанындағы кедергілер жөніндегі кеңес отырысында  автоөндірушілерге лизингтік қаржыландыру бойынша қаражат бөлу кезінде ашықтықтың болмауы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің басым жағдайын белгілеу фактілері, лизинг алатын автоөндірушілерді таңдау кезіндегі шектеулер сынды мәселелер көтерілген", – деп жазылған хабарламада.

Осыдан соң агенттік бәсекелестікті қорғау саласындағы заңның бұзылуына қатысты мәліметтерге талдау жүргізген.

"Кәсіпкерлік кодектің 163-бабы 4-тармағына сәйкес ИИДМ және Өнеркәсіпті дамыту қорына бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттер жасау туралы нұсқама енгізілді, яғни бәсекелестікті шектейтін нормаларды алып тастау. Нұсқама 2021 жылғы 30 қарашаға дейін орындалуы тиіс", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу