Лизингтік нарық соңғы бір жылда 32 пайызға артты

689

Лизингтік нарық соңғы бір жылда 32 пайызға артты

Қазақстанның лизингтік нарығы соңғы бір жылда 32 пайызға артқан. Мұндай күрт өсім құны жоғары келісім-шарттар жасалғандықтан болған. Өйткені, бұл уақыт аралығында жасалған келісім-шарт саны керсінше 12 пайызға азайған. Finprom.kz. сайтының мәліметінше, 2016 жылы құны 166,7 млрд теңге болатын 6,5 мың лизингтік келісім жасалған. Орташа есеппен алған бір келісім-шарт бағасы 25,7 миллион теңге болып отыр. Ал, лизингтік қызмет түріне сұраныс негізінен транспорттық-логистикалық кәсіпорындар тарапынан көп түскен. Салалалық ұйымдардың жалға алу бойынша жасаған келісім-шарттары 70% артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу