Ллойд Остин қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды

720

Өткен сәрсенбіде АҚШ-тың Қорғаныс министрі Ллойд Остин НАТО Министрлер саммиті қарсаңында Қара теңіздегі одақтастар арасында қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz  

Ллойд Остин қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды

Румынияның Қорғаныс министрі Николай Чукамен келіссөздерден кейін Остин Қара теңіз жағалауындағы мемлекеттерге Ресейдің аймақты "милитаризациялау" жағдайында әрекет ету қажет деп мәлімдеді.

"Қара теңіздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне сәйкес келеді және НАТО-ның Шығыс қанатының қауіпсіздігі үшін де өте маңызды", – деді ол.

АҚШ-тың Румынияда НАТО-ның толық мүшесі болып табылатын 1000-ға жуық әскері бар. Бұл Остиннің пікірінше, Ресейдің ықтимал агрессиясына қарсы жақсы тосқауыл бола алады.

"Бұл аймақ Ресейдің агрессиясына осал, сондықтан біз Украинаның шығысында және Грузияның кейбір аудандарын басып алудың жалғасып жатқан әрекеттерін көрдік", – деді Остин.

Бірақ АҚШ шенеуніктері Пентагон Румынияға әскерін шоғырландыруын кеңейтеді немесе елде тұрақты база жасайды деген болжамынан бас тартты.

Оралбай Мергенбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу