Алтынкөл станциясына алғаш рет Лодзь - Ченду пойызы келіп тоқтады

851

Алтынкөл станциясына алғаш рет Лодзь - Ченду пойызы келіп тоқтады

Қазақстандық Алтынкөл шекаралық станциясы арқылы Лодзь (Польша)-Ченду (ҚХР) контейнерлік пойызы тұңғыш рет өткізілді. Теміржол жылжымалы құрамы қырық футтық 41 контейнерден тұрады. Олар "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА құрғақ портында өңделді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

"Польшадан Қытайға қатынайтын контейнерлік пойыз ендігі жерде тек Алтынкөл станциясы арқылы тұрақты жүретін болады", - дейді "KTZ Express" АҚ контейнерлік тасымалдау департаментінің директоры А. Кәрімов.

Оның айтуынша, халықаралық жүк ағындарын Достық-Алашаңқай мемлекетаралық шекаралық өткелінен Алтынкөл-Қорғас бағдарына алмастыру жылжымалы құрамды тар табанды (1435 мм) жолдан кең табанды (1520мм) жолға алмастырып, өңдеу мерзімін азайтады. Сонымен қатар кедендік ресімдеуді жеделдетеді.

А. Кәрімов "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА құрғақ портының инфрақұрылымы мен Алтынкөл станциясы ірі көлемдегі Қытай-Еуропа-Қытай бағдарындағы жүк ағынын өңдеуге әзір екендігін хабарлады.

"Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА арқылы халықаралық жүк ағынын дамыту Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерінің санын көбейтіп, бәсекелестікке сай тасымалды қамтамасыз етуге серпін береді.

2017 жылы Қытай-Еуропа-Қытай бағдарына Қазақстан аумағы арқылы 201 мың ЖФЭ транзиті өтті. Ал 2018 жылы бұл межені 346 мың ЖФЭ жеткізу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу