Локдаун біткен соң босаңсымаңыздар – Алексей Цой

969

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға өтініш айтты.

Локдаун біткен соң босаңсымаңыздар – Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты локдаун біткеннен кейін босаңсып кетпеуге үндеді.

"Шектеу шаралары алынғаннан кейін босаңсып ктепеу өте маңызды. Осы кезеңдерде қалыптастырып үлгерген сақтық әдеттерін әрі қарай жалғастыра беру керек. Бәріміз жауын жауса, қолшатырмен қорғанамыз. Күн суытса, жылы киіне бастаймыз. Бұл бізде автоматты түрде болады. Инфекцияға қарсы сақтық шаралары да осындай нормаға айналуы керек. Қашықтықтық сақтау, маска тағу, жақындарға қамқор болу шаралары қалыпты өмір салтына айналатын кез жетті. Әрбір азаматқа айтқым келеді. Денсаулық сақтау жүйесіне барынша көмек жасап, жеке гигиеналық тазалықты сақтайық, карантин шарттарына бағынайық. Спортқа ден қойып, имуннитетімізді көтерейік. Сонда ғана бұл ауыр кезеңді өткереміз", –деді Алексей Цой.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу