Ломбард нарығын реттеу

866

Ломбард нарығын реттеу

Мемлекет елміздегі ломбард нарығына қадағалауды күшейтпек. Бұл бастаманы ломбард бизнесінің өкілдері де қолдап отыр. Себебі, ломбардтарға бүгінде ұрланған заттар жиі өткізіледі. Ал оларды көп жағдайда құқық қорғау органдары тәркілеп алады. Салдарынан ломбардтар айлық айналымының шамамен 5 пайызы шығынға кетеді дейді. Бұл ойды біздің арнамызға сұхбат берген алматылық кәсіпкер Ернар Үсенбеков айтты.

Ресми мәліметке сүйенсек, соңғы екі жылда ұрланған бұйымдарды ломбардқа өткізген 700 жағдай тіркелген. Еске сала кетсек, еліміздің бас прокуроры Жақып Асанов ломбардтар ұрланған заттарды өткізетін орынға айналып кетті деп мәлімдеген болатын. Сондықтан саланы реттейтін арнайы заң шығарып, лизенциялау мәселесін қолға алуды ұсынды. Қадағалау қызметін мемлекеттік кіріс департаменті немесе ұлттық банкке беру керек.

Автор: Жәния Әбдібек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу