Ломбард, онлайн-кредиторлық кеңселер мен микроқаржы ұйымдарын тексеру басталды

1186

Бірінші кезекте олардың төтенше режим кезінде зардап шегіп қалған жеке тұлғаларға, бизнес субъектілеріне борыштық шегерім жасаған-жасамағаны анықталады. 

Ломбард, онлайн-кредиторлық кеңселер мен микроқаржы ұйымдарын тексеру басталды

Терроризмді қолдап, түрлі қаржылық пирамидалардың операциясын жүргізіп келген қаржы ұйымдарына тықыр таянды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі олардың есеп-қисабына аудит жүргізуді бастады, деп хабарлайды Atameken Business.

Президенттің оған сәйкес қаулысы 23 науырызда күшіне енген болатын.

Тексеру наурыз бен маусым аралығында, барлық микроқаржылық ұйым атаулы мен ломбардқа, онлайн-кредиторлық кеңселерге жүргізілуі шарт.

Агенттіктің хабарлауынша, бірінші кезекте олардың төтенше режим кезінде зардап шегіп қалған жеке тұлғаларға, бизнес субъектілеріне борыштық шегерім жасаған-жасамағаны анықталады. Екінші – түрлі заңсыз операцияларды жүргізген-жүргізбегені қаралады.

Ревизорлар тобының құрамына аудиторлар мен қатар полиция және салық комитетінің өкілдері де кірген. Қорытындысы маусым айында жарияланбақ.   

"39 тексеру тобы қалыптастырылды. Тексеруге 1100 ломбард алынады. Бұл республика бойынша жалпы санының 50%-на тең.  Сонымен бірге шамамен 50 онлайн-кредиттеу субъектісі және 200-ге жуық микроқаржы ұйымы аудиттен өтетін болады. Заңнама талаптарының сақталмауы, қаржы пирамидасының және заңсыз банк қызметінің белгілері анықталған жағдайда ұйымдарға қызметін тоқтатумен қоса, жауапкершілікке тарту шаралары қолданылады",– деп жазылған агенттіктің баспасөз қызметі хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу