Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаманнан табылды

756

Күдікті қамауға алынды.  

Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаманнан табылды

Наурызбай аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім Райымбек даңғылының бойында орналасқан ломбардтардың бірін тонады деген күдікке ілінді, деп жазды inbusiness.kz.

"Жәбірленуші тонау салдарынан келтірілген материалдық шығынды 2 млн теңгеге бағалаған. Ұрланған мобильді құрылғылар мен гаджеттерді полиция қызметкерлері күдіктінің жалға алған тұрғын үйінен тапты. Заттай айғақтар тәркіленді. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды", – деп жазылған Алматы қалалық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу