Ломбардтар неге көбейіп жатыр: Министр пікір білдірді

357

Үкімет кәсіпкерліктің белсенділігіне кедергі жасай алмаймыз деп отыр.  

Ломбардтар неге көбейіп жатыр: Министр пікір білдірді Фото: Elordainfo.kz

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ломбардтардың қызметіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер министрден Астанада салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешендерінде ломбардтардың ашылуы жиілегенін айтып, бұл халықтың кедейленіп бара жатқанын білдірмей ме деп сұрады.

"Кәсіпкерліктің белсенділігіне кедергі жасай алмаймыз. Сол себепті мында ломбард салма, мында дәріхана ашпа дей алмаймыз. Керек болса, ашсын. Ол да бәсекелестік қой. Бір-екі ломбард қасында тұрса, бәсекелестік болса, сіздерге жақсы ғой. Қызметтерінің бағасы арзандайды", – деді Ұлттық экономика министрі Сенат кулуарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу