Ломбардтар портфелінде ұзақ уақыт өтелмеген несиелердің үлесі 5%-ды құрады

873

Елімізде 600-ге жуық ломбард жұмыс істейді, алайда микронесиелердің басым бөлігі 20 ұйымға тиесілі. 

Ломбардтар портфелінде ұзақ уақыт өтелмеген несиелердің үлесі 5%-ды құрады

2021 жылдың екінші тоқсанының соңында ломбардтардың заңды тұлғаларға берген шағын несиелері 131 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Салыстырмалы түрде алсақ 2021 жылдың екінші тоқсанында микроқаржылық ұйымдардың жеке тұлғаларға берген шағын несиелерінің сомасы 542,2 млрд теңгені құрады. Ал екінші деңгейлі банктердің берген тұтынушылық несиелерінің көлемі 5,1 трлн теңгеге жетті. 

Ломбардтар жеке тұлғаларға берген шағын несиелердің 93,8 млрд теңгесі мерзімі өтпеген, дер кезінде өтелген берешектер. Негізгі қарыз немесе есептелген сыйақы кешіктіріліп төленген шағын несиелер 37,2 млрд теңге. Бұл халыққа берілген несиелердің жалпы көлемінің 28,4%-ын құрайды.

Микрокредиттердің көпшілігін кешіктіру 1-ден 30 күнге дейін созылатын несиелер көлемі 22,9 млрд теңге. 31 күннен 60 күнге дейін кешіктірілген шағын несие көлемі 5,1 млрд теңге, 61-ден 90 күнге дейін 2,6 млрд теңге көлемінде.

Берешегі 90 күннен аса кешіктірілген шағын несиелер 6,5 млрд теңгеге жетті, бұл жеке тұлғаларға берілген шағын несиелердің жалпы көлемінің 5%-ы шамасында.

Биылғы екінші тоқсанның соңында Қазақстанда 594 ломбард жұмыс істеді. Бұл ретте шағын несие көлемінің үштен екісінен астамы (құнсыздану резервін қоспағанда) 20 ломбардқа ғана тиесілі болды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу