"Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы лицензиясынан айрылды

535

Қаржы нарығын реттеу және даму агенттігі "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясының лицензиясын қайтарып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттікке сілтеме жасап.    

"Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы лицензиясынан айрылды Фото: inbusiness.kz

"Лицензия қайтарылғаннан кейін "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Жұмысын тоқтатқан компанияның құқықтары мен міндеттері "Freedom Finance Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ-қа өтті", - делінген хабарламада.

Бұған дейін жоғары пайызбен қарыз берген микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу