Мұнай бағасы арзандай бастады.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы қарашадағы фьючерстерінің бағасы 89,33 долларды құрайды, бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы көрсеткіштен 0,59 долларға (0,66%) төмен. Бейсенбіде бұл келісімшарттар барреліне 0,68 доллар (0,8%) төмендеп, 89,92 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қазан айындағы фьючерстерінің баға белгілеулері белгіленген уақытқа 0,67 долларға (0,77%) төмендеп, барреліне 86,2 долларды құрады. Өткен сессияның қорытындысы бойынша олар 0,67 доллар (0,8%) - барреліне 86,87-ге дейін төмендеді.
Осы аптаның басында Ресей мен Сауд Арабиясының мұнай өндіру мен экспортын ерікті түрде қысқарту туралы мәлімдемесінен кейін аталған қос марканың бағасы өткен жылдың қараша айының ортасынан бергі ең жоғары деңгейге жетті.
Алайда бұл баға көп ұзамай төмендей бастады.