Лондон биржасында мұнай бағасы көтерілді

480

Brent маркалы мұнай бағасы 0,45 пайызға өсті.

Лондон биржасында мұнай бағасы көтерілді Фото: inbusiness.kz

Эталондық мұнайдың әлемдік бағасы өткен аптада қатты құлдырағаннан кейін көтеріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен 08:27-дегі сауда деректері бойынша 0,45 пайызға өсіп, барреліне $80,98 құрады.

Қаңтарда жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,48 пайызға өсіп, барреліне 76,41 долларды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қарашада Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы 4,45 пайызға арзандап, барреліне 77,56 долларды құрады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу