Лондон Еуропадағы ең ірі биржалық сауда орталығы атағынан айырылды

1077

Амстердам Ұлыбританияны еуропалық нарықтың басты орталығы ретіндегі тарихи позициясынан ығыстырды.

Лондон Еуропадағы ең ірі биржалық сауда орталығы атағынан айырылды

Амстердам Лондоннан Еуропа құрлығындағы ең ірі биржалық сауда орталығы ретінде асып түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтемемен.

Ірі қор биржаларының бірі CBOE Europe мәліметтеріне сәйкес, Euronext Амстердам және CBOE Europe мен Turkuoise голландтық филиалдарындағы сауда-саттық көлемі күрт өсіп, қаңтарда күнделікті бағамы 9,2 миллиард еуроны құрады, ал Лондондағы сатылым құлдырап, 8,6 миллиард еуроға азайды. Осылайша Амстердам Ұлыбританияны еуропалық нарықтың басты орталығы ретіндегі тарихи позициясынан ығыстырды.

Бұл өзгеріс Лондонда Еуропалық одақ (ЕО) қаржы институттарының сауда жасауына тыйым салумен байланысты болды.

Сарапшылар бұл жағдайды Brexit-ке байланысты Ұлыбритания капиталының сауда көлемінің жартысына жуығы ЕО-ға көшкендігімен түсіндірді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 31 қаңтарында Ұлыбритания ресми түрде Еуропалық одақтан шықты, бұл өтпелі кезең Brexit деген атпен белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу