Лондон галереясында белсенділер картина бетіне Газадағы фотосуретті жабыстырмақ болған

258

Галерея өкілдерінің айтуынша, полиция екі адамды ұстаған. Қорғаныш әйнегімен жабылған картинаға зақым келмеген. 

Лондон галереясында белсенділер картина бетіне Газадағы фотосуретті жабыстырмақ болған Фото: Youth Demand / AFP

Youth Demand ("Жастар талабы") белсенділері Газада жылап отырған әйелдің баласымен бірге түскен суретін Лондонның Ұлттық галереясында испандық суретші Пабло Пикассоның "Аналық сезім" (La Maternité) атты картина бетіне жапсырмақ болып, Израильге қару эмбаргосын енгізуге шақырды, деп жазады inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

"Олардың бірі өнер туындысына қағаз жапсырмақ болған соң ұсталды. Біраз бояу еденге төгілді. Полиция келіп, екі адамды қамауға алды. Қазіргі уақытта бөлме жабық. Суреттер бүлінбеген", – делінген хабарламада. 

Youth Demand әлеуметтік желіде жариялаған видеода күзетшінің фотосуретті алып тастап жатқанын көруге болады. Сол кезде наразылық білдірушілердің бірі "Палестинаға бостандық" деп айқайлады, оны ұстап алып, залдан шығарды. 

Белсенділер өз әрекеттерімен Израильдің әскери операциясы нәтижесінде Газа секторындағы бейбіт тұрғындардың қазасына халықтың назарын аударуға тырысқандарын атап өтті.

Youth Demand ұйымы бұған дейін Лондондағы Кенотаф соғыс мемориалында наразылық акцияларын өткізген және өткен жылы король Чарльз III таққа отыру рәсімін бұзуды жоспарлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу