Лондонда АҚШ пен Қытай келіссөзінің бірінші күні аяқталды

263

Лондонда әлемнің екі алпауыт экономикасы – АҚШ пен Қытай арасында келіссөздің екінші кезеңінің бірінші күні өтті.  

Лондонда АҚШ пен Қытай келіссөзінің бірінші күні аяқталды Фото: theguardian.com

Алғашқы кездесу 6,5 сағатқа созылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Guardian-ге сілтеме жасап.

Әңгіме тарифтер, сирек металдар мен озық технологияларға экспорт шектеулерін алу аясында өрбіді. Қытай тарапын осы елдің вице-премьері Хэ Лифэн бастап барды. Ал, америкалық делегация құрамында АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент, сауда министрі Говард Лютник пен сауда өкілі Джеймисон Грир бар.

"Блумбергтің" хабарлауынша, кеше Лондонда басталған келіссөздер бүгін де жалғасады.

Тараптар содан кейін арнайы мәлімдеме жасамақ. Әзірге нақты қандай келісімдерге қол жеткізілгенін жарияламады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу