Лондон металдар биржасынан дисконт ұсынылады

695

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ішкі нарықтағы шикізатқа баға белгілеу бақылауға алынатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Лондон металдар биржасынан дисконт ұсынылады

Министрдің мәлімдеуінше, отандық өнеркәсіп үшін шикізаттың бағасы мен көлемінің қолжетімділігі бойынша ең алдымен өнеркәсіптік саясат туралы заң жобасына ішкі нарықтағы шикізатқа баға белгілеуге бақылау енгізіледі.

"Лондон металдар биржасы бағасынан дисконт ұсыну қағидатымен ел ішінде биржалық металдарға баға белгілеу механизмі қолға алынады. Ол шикізатты қайта өңдеу деңгейіне байланысты болады. Яғни қорытпалар немесе прокат өндіргенде ең төменгі жеңілдік беріледі. Ал дайын бұйым өндірілгенде ең жоғары жеңілдік енгізіледі", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуынша, қайта өңдеушілер мен жаңадан іске қосылатын кәсіпорындардың қуатына қарай ішкі қайта өңдеуге металдар көлемін резервтеу енгізіледі. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу